Сурет: gov.kz
Конференцияның ашылуында Президент Кеңсесінің басшысы Бақытжан Сариев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
«30 жыл уақыт аралығында академия еліміздің білім жүйесіндегі беделді оқу орындарының біріне айналды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін шыңдау ісін жетілдіріп, оны жаңа деңгейге көтерді. Озық ойлы, отаншыл әрі кәсіби мамандар даярлаудың өзіндік дәстүрін қалыптастырды. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, Әділетті Қазақстанды құруға атсалысу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Олардың адал, жаңашыл әрі жасампаз болуы аса маңызды. Академия осы асыл қасиеттерді әр түлектің бойына сіңіріп, мемлекетшіл мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді. Мұның бәрі оқытушылар қауымының еселі еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Білім ордасының ұжымы алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», делінген Президент құттықтауында.
Конференцияның пленарлық отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Брюссель дипломатиялық академиясының директоры (Бельгия) Гюнтер Гоблом құттықтауларын жеткізді.
«Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыру» секциясында азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделі, мемлекеттік қызметтерді азаматтардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеу мәселелері талқыланды. Ал академия ректоры Ерлан Әбіл оқу ордасының жетістіктеріне қысқаша тоқталды. Оның айтуынша, академия еліміз бойынша Ұлттық стандарттарға сәйкес адами ресурстарды басқару және жобаны басқару бойынша персоналдың сәйкестігін растайтын жалғыз аккредиттелген орган мәртебесін иеленген.
Сондай-ақ секцияға шетелдік серіктестер, Мемлекеттік басқару академияларының ректорлары, Бургас аймағының губернаторы (Болгария) Мария Нейкова, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ) Али бин Себаа Аль-Марри, Кл. Охрид атындағы София университетінің ректоры (Болгария) Георги Вълчев, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Ақматалиев, Армения Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Хачатур Казеян, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Сафарзода Даврон Джурахон, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының проректоры Андрей Марголин, Орал федералды университетінің Мемлекеттік басқару және кәсіпкерлік мектебінің директоры (Екатеринбург) Алексей Клюев, Миколас Ромерис университетінің Мемлекеттік басқару институтының директоры (Литва) Андриус Стасиукинас қатысты.
Конференцияның «Мемлекеттік басқарудағы қазіргі тенденциялар» секциясына мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері және үздік тәжірибелері талқыланды. Секцияда алғашқы болып БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа баяндама жасады.
Сонымен қатар мерейтой аясында академия түлектерінің форумы өтті. Форумға өңірлерден академияның 1996 жылдан бергі әр жылғы түлектері келді.