Заң • Бүгін, 15:49

Қазақстанда жаппай декларациялаудың төртінші кезеңі болмауы мүмкін

14 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Үкіметке бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жаппай декларациялаудың төртінші кезеңі болмауы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарының декларация тапсыруына қатысты соны бір мәселе көтерді. 

Президенттің айтуынша, ааматтарымыздың табысын жаппай декларациялаудың мән-маңызы зор. Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр. Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар. 

- Келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр. Алайда бір мәселені ескеру қажет. Жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданған. Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.