Экология • 18 Қараша, 2024

Қазақстан - BTR бойынша әлем чемпионы

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Қазақстан - BTR бойынша әлем чемпионы

Фотолар: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл – Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, ҚР 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.

gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлім етуінше BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеу және беру әрі әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу және қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.

gov.kz

BTR1 негізгі бөлігі «Жасыл даму» АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы Ұлттық баяндама болып табылады.

БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.