Әлем • 19 Қараша, 2024

Boeing компаниясы 2500 қызметкерін жұмыстан босатты

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық Boeing компаниясы бір мезетте 2500 қызметкерін жұмыстан босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Boeing компаниясы 2500 қызметкерін жұмыстан босатты

Фото: pixabay.com

Қысқартуға Вашиңтон, Орегон, Оңтүстік Каролина және Миссури штатындағы инженер, техник, кәсіподақ ұйымының мамандары іліккен. Тіпті кей бөлімшелерде 10 адамның 7-еуі жұмыстан шығарылған.

Әуе компаниясының мұндай шешімге келуіне қарызының тым көбейіп кетуі себеп болған.

Басшылық 17 мың жұмыс орнын, яғни, қызметкерлердің 10%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Ал зардап шеккен мамандарға қаңтар айына дейін жалақы сақталатынын хабарлады.