Мәдениет • 21 Қараша, 2024

Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрме автордың 50-ге жуық цифрлық кескіндеме және графикадағы шығармаларынан тұрады.

көрме

Ұсынылған ерекше туындылардың бірі – цифрлық кескіндеме. Бұл суретшінің өнерге заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын білдіреді және Қазақстанның жас суретшілеріне маңызды бағдар болары анық.

Экспозиция көрермендерді шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып, XXI ғасыр өнерінде цифрлық технологиялардың бірегейлігін айқындауға және әрбір адамға шебердің туындыларынан «Уақыт резонансын» табуға мүмкіндік беруді көздейді.