Фото: Ашық дереккөз
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу идеясын қолдады. Оның пікірінше, құжатта еліміздегі материалдық емес мұраға қатысты барлық нәрсені қорлағандардың қалай жазаланатынын нақтылау қажет.
«Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге келсек, олардың қоғамдағы орнын анықтауымыз керек. Әдет-ғұрыпты насихаттайтын адам болған соң, оның мәртебесін де анықтауымыз керек. Киіз үйде билеген қыздарды көрдіңіз бе? Не істейміз? Сондықтан Қылмыстық кодексте бұл мәселелерді де осы заң жобасы аясында қарастыруымыз керек», деді Е.Сатыбалдин.
Депутат заң жобасын әзірлеу кезінде осы мәселелердің барлығын реттейтін министрліктерді анықтау қажеттігін атап өтті.