Өнер • Бүгін, 07:50

Сахнада – 25 жыл

17 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында Испания Корольдігі елшілігінің қолдауымен филармония солисі, музыка академигі (Италия), пианист-композитор Саида Қалықова 25 жылдық шығармашылық мерейтойына арналған концертін ұсынды.

Сахнада – 25 жыл

Өнерпаз ел іші­нен бөлек Ре­сей, Италия қалала­рында шы­ғармашылық кештерін берді. Санкт-Пе­тербургтегі Юрий Те­мир­­канов басқарған сим­фо­ниялық оркестрмен, Фло­­ренциядағы «Pergola» театры­ның симфониялық ор­ке­стрімен (дирижері Алес­сандро Пинсаути) және Ас­тана филармониясының симфониялық оркестрімен (дирижері Берік Батырхан) солист ретінде өнер көрсетті. Саида Қалықова осы күнге дейін 80-нен аса өнер кешін ұсынып, сондай-ақ әлемнің түк­пір-түк­пірінде өткен қайы­рым­ды­лық концерттерге де қаты­сады.

25 жылдық шығарма­шы­лық мерейтойына орай Саида Қалықова әйгілі ком­позиторлардың форте­пиа­­но­лық шығармаларын орын­дады. Дж. Филдтің «Ноктюрн №1», Ф.Шопеннің «Berceuse», сонымен қа­тар испан композиторы Э.Гра­на­достың «Концерттік Алле­гросы» орындалды. Сон­дай-ақ өнер иесі өзінің автор­лық шығармаларының тұ­саукесерлерін – «Осенний вальс», «Лунный цветок», «Ды­хание сирени», «Осколки грусти», басқа да туын­дыларын ұсынды. Бұл шы­ғар­малардың идеяла­ры ком­позитордың же­ке се­зімдерінен туында­ған, сон­дықтан жаңа бағдар­ламасын «Ароматы жизни» деп атаған.

Аталған кешке Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Сүндет Байғожин (баритон), Мәдениет саласының үздігі Роза Шоткалиева (фор­тепиано) қатысты. Ал кон­церттің құрметті қо­нағы – Мадрид корольдік консер­­вато­риясының профес­соры, пианист-композитор Ан­дреас Карлос Манчадо Лопес. Бұл оқиға Қазақстан мен Испа­ния арасындағы мәдени бай­ланыстардың ерекше маңыз­дылығын көрсеткені анық.