Өндіріс • Бүгін, 09:15

Өнімі адам ағзасына пайдалы кәсіпорын

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тек таңдаулы шикізат­тан жоғары сапалы ұн шығара­тын «Фирма АЛиКС» ЖШС 12 жыл бұрын құрылды. Оның бас­ты артықшылығы – ұн құра­мындағы астық ком­по­нентін толық сақтай отырып нан жасайды.

Өнімі адам ағзасына пайдалы кәсіпорын

Суретті түсірген – Игорь Бургандинов

Аталған компания осыдан 6 жыл бұрын шағын ұн диірменін іске қосты. Одан қатты бидайдың, күріштің, қара және қызыл құмықтың, жүгерінің ұнын шығара бастады. Қазір мұн­дағы шыққан ұн өнімі өз елі­мізбен қатар, көрші өзбек елінің сауда сөрелерінен де орын алған.

Компания былтыр «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Қазақ­стан Халық банкінен» 270 млн теңге несие алған. «Даму» қоры несие пайызын субсидия­лап, кепілдік беру арқылы қол­дау көрсетіпті. Бұл қаражатты глютенсіз макарон өнімдерін өндіруді бастау үшін заманауи жабдық сатып алуға және комбинат ғимаратын салуға жұмсаған.

ва

«Өткен жылдан бастап жаңа жоба – макарон цехын салуды қолға алдық. Негізі макарон елімізде ежелден бері көп. Алай­да глютенсіз ұннан жасалған макарон жоққа тән. Сондықтан мұндай өнімді шығару бойынша елде бірінші болып тұрмыз. Цех ғимаратының аумағы 330 шаршы метрді алып жатыр. Сағатына 200–250 кило макарон өндіру қуатына иеміз», деді компанияның негізін қалаушы Меделбек Ағыбаев.

Әдемі қаптамаға салын­ған өнімнің сыртына қазақ, ағылшын, қытай, орыс тіл­дерінде түсіндірме жазылған. Ком­панияның басты мақсаты – отандық нарықты толық игеру. Себебі бұл өнімнің адам ағзасына тигізер пайдасы аса мол. Негізі мұндай өнімді аллергиясы бар адамдар тұтынады. Мысалы, көбіне бидай ұнынан аллергия болады. Сондай дерті бар жандар жүгері мен қара құмық ұнынан жасалған тағам тұтынса, аллергия ауруына ұшырамайды.

«Осы жүгері, күріш, қара және қызыл құмықтың ұнына халыққа әуел баста бірінші болып біз ұсынған едік. Енді оның макаронын жасауды қолға алдық. Бұл өнімдер бірінші кезекте асқазанға пайдалы. Сондай-ақ мұны тұтынған адам семірмейді. Ғылыми тұрғыда дәлел­денген дәйек», деді ЖШС бас директоры Арман Бейсембинов.

Бас директордың айтуынша, ком­пания­ның алға қойған жоспары үлкен. Бүгінде сара ұнның бір бөлігін көрші өзбек еліне экспорттап отыр. Ал басты мақсаты елдегі сауда сөрелерін толық игеріп болған соң, күріш, қара, қызыл құмық және жүгері ұнынан жасалған тағамдарға сұранысы жоғары Қытай нарығына шығуды көздеп отыр.

Қазір сағатына 200-250 келі сара макарон шығарып отырған комбинаттың өнімінің сапасы өте жақсы деп баға­лан­ған. «Сондықтан алдағы уақытта шет мемлекеттерден тапсырыс көп түседі деген сеніміміз мол. Әрі өз елімізде де біздің өнімге деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатыр», деді Арман Бейсембинов.