Үкімет • 22 Қараша, 2024

Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндет қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.