Фото: Қр Туризм және спорт министрлігі
Роллан Серікұлы Серіков 1979 жылы дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз университеті) тәмамдаған.
Әр жылдары жоғары білім саласында оқытушы, басқарма басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.
2017-2020 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді ұйымдастыру және өткізу департаментінің басшысы.
2021-2023 жж. – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында (Астана қ.), Qazaq kuresi қауымдастығында басшылық қызмет атқарды.
Спорт, құрылыс, жылжымайтын мүлікті басқару және т.б. салаларда кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
2023-2024 жж. – ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.