Бәйдібек ауылында ер адам бірге тұратын әйелімен ішімдік ішіп, кейін екеуі жанжалдасып қалған. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ер адам әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.
Полиция тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр», деп жазылған Алматы облыстық Полиция департаментінің Massaget.kz-ке жауабында.