Фото: istockphoto.com
Прокуратураның мәліметінше, «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының есепшілері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.
«Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды», делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылған.
«Аталған балабақша бухгалтеріне 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.