Тағайындау • Бүгін, 11:50

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі тағайындалды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алға аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев Алға ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі тағайындалды

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Асланбек Серікұлы 1988 жылы дүниеге келген. Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқықтану», Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика», ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму» мамандықтары бойынша бітірген. Литва Мемлекетінің Миколос Ромерис Университетінде мемлекеттік басқару бағдарламасы аясында халықаралық тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2007 жылы Алға аудандық қаржы бөлімінің іс-қағаздарын жүргізуші заңгері болып бастаған.

2007 – 2009 жж. «АБУ-ГРУПП» ЖШС менеджері; 2009 – 2012 жж. Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы; 2012 – 2016 жж. Қарғалы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Бадамша ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

2016 – 2021 жж. Алға аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру және құқыққорғау органдарымен өзара іс-әрекеттесу бөлімінің басшысы, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары болды.

2021 – 2023 жж. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарып келген.