Аймақтар • Бүгін, 19:15

«Ең әдемі киім – ұлтымның киімі»

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласында осындай тақырып аясында облыста алғаш рет заманауи стильдегі ұлттық киімдер фестиваль-байқауы өтті.

«Ең әдемі киім – ұлтымның киімі»

«Ұлттық киім ол – тек қана коллорит қана емес, ол – ұлттың өзі. Сонымен қатар бұл идеологиялық құрал. Шапан, кәжекей, шәй көйлек, шіркін қазақтың ұлттық киіміне жететін сұлулық бар ма? Оюы да сөйлейді, пішіні мен бояуы да тұнып тұрған тарих.  Кейінгі жылдары  ұлттық киімге деген сұраныс артқаны байқалады. Сондықтан да болар, ұлттық киім тігумен айналысатын шеберлер қатары да көбейіп жатыр. Сондай жандардың еңбектерін елге насихаттау, өздерін ынталандыра түсу, өзгелерді де осы кәсіпке тарту мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырдық», дейді Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Төлеш.

Фестиваль-байқауға қатысушылар өз қолдарынан шыққан егде жастағыларға, қыз-келіншектерге, бозбалалар мен бойжеткендерге арналған киім, ұлттық бас киім, жүннен, киізден, былғарыдан және аң терісінен тігілген жаңа үлгілерді ұсынды, этностильдегі сахналық сәнді киімдер мен мектеп оқушыларының оқу формаларын және т.б. ортаға салды. Олардың қайсысы болсын тартымдылығымен ерекшеленіп тұрды.

Фестиваль-байқаудың қорытындысында алтын жіппен кестеленген қасаба, жылтыр тастармен безендірілген кимешек пен қарқара және т.б. ерекше дүниелер ұсынған шебер Бақыткүл Балғабаеваның еңбегі айрықша бағаланды.

 

 

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы