Спорт • 25 Қараша, 2024

Бокс: Ел намысын кімдер қойғайды?

109 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Ұлттық командамыздың бас бапкері Қайрат Сәтжанов сары құрлықтың басты додасына үздік шәкірттерінің барлығын қосуды құп көрген екен.

Бокс: Ел намысын кімдер қойғайды?

Аталған жарыстың жалауы 29 қараша – 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында желбірейді.

Тай елінде Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) сынды саңлақтар күш сынасады.

Ал әйелдер құрамасының бапкерлік кеңесі Азия чемпионатына төмендегі мына боксшыларды бекітті: Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Сымбат Әлиасқар (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (66 кг), Наталья Богданова (70 кг), Диана Мағауияева (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг), Елдана Талипова (+81 кг).

Былтыр Амманда өткен Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 3 алтын, 6 күміс, 3 қоламен қорытындылады. Жігіттердің арасынан Санжар Тәшкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (92 кг) бас жүлдені олжалады. Бұл көрсеткіш жалпы командалық есепте көш бастауға жеткіліксіз болды. Себебі, Өзбекстан әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті.

«Ала шапандылар» 5 алтын, 2 күміс, 3 қоланы қоржынға салды. Көршілес елдің өкілдері арасынан Хасанбой Дусматов (52 кг), Абдумәлік Халоков (57 кг), Руслан Абдуллаев (63,5 кг), Саиджамшид Джафаров (75 кг), Лазизбек Муллажоновтың (+92 кг) мерейі үстем болды. Таиланд пен Иорданияға екі, Филиппинге бір-бір алтыннан бұйырды.