Өзімнің ұлым сал ауруымен ауырды. Ұлымды арқалап бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Қазір ол өз аяғымен жүретін дәрежеге жетті, бірақ әлі сөйлей алмайды, деп әңгімесін мұңая бастаған Елена Дедованың «Балаларға денсаулық» атты қор құрып, шырылдай жұмыстануының себебі осында екен. Баласын емдете жүріп, ем-домның қыр-сырын меңгеріп алған ол баласының емін өзі жасап, ақыры аяқтан тұрғызады. Осыдан соң-ақ оған тағдыры, мұңы бір ата-аналар хабарласа бастаған. Сауда саласының маманы болса да нарық заманында базардың немесе кәсіпкерліктің қазанын қайнатпай, балалардың амандығы үшін білек сыбана күресіп жүрген 41 жастағы келіншектің басқаруындағы қоғамдық қор қазір Ақтауда белгілі орынға айналды. Осыдан 8 жыл бұрын ата-аналардың бастамасымен құрылған қор алғашында 22 балаға қызмет көрсетті. Жылқы шаруашылығының басшысы Виктор Кобзевтің көмегімен қорға тіркелген балаларды нұсқаушы тегін негізде жылқыға мінгізіп, емдеп, жаттықтырды. Балаларды иппотерапиямен бірге жан-жақты емдеу керек екендігін сезген Е.Дедова қорға психолог маманды жұмысқа алды. Алғашқы оң нәтижелердің белгісі ата-аналар назарын бірден аударған болу керек, 2009 жылы емделуші бала саны бірден үш еселенген. Сырқат балалар санының көптігі және емдеуді қолға алғандардың белсенділігі кең қолдау тауып, Р.Жұмағалиеваның жеке емханасы балаларды тегін емдеуге көмектесіп, Қытайдан келген дәрігерлердің ем жүргізуіне жағдай жасаған. Олар үш жыл бойы балаларды емдеп, орталық мамандарына тәжірибелік тұрғыда көмек береді.
Осы кезден бастап арнайы сауықтыру орталығын ашсам деген мақсат пайда болды, дейді Елена. Сол жылы бала саны 170-ке жетіп, тұрақты демеушілер мен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ғимарат жалдап, сырқаттарды кешенді негізде емдей бастайды. Айына 550 мың теңгеге ғимарат жалдағанмен, балаларды тегін емдейді, бірақ мамандардың тұрғындарға ақылы негізде кеңес беруіне тура келеді. Оның үстіне мамандарға төленетін жалақыны қосыңыз! Әртүрлі әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарды ұтып алып, бірін біріне жеткізіп тірлік еткен қор қаншама қиындықтарды артқа тастап бүгінде аяғын өзі де нық басуға жарады. Қазір реаорталықта тіркелген 16 жасқа дейінгі сал ауруы, жүйке аурулары, дауна, аутизм, т.б. сырқаттары бар 344 балаға кешенді түрде массаж, емдік жаттығулар, вакуумдық терапия, шағын сауна, физиотерапия емдері көрсетіліп, психолог, аллерголог, логопед-дефектолог, невропатолог, жүрек және көз дәрігерлері қызмет етеді.
Жүйке жүйесін емдеуге арналған «Атлант» костюмдері мен өзге де жаттығу, емдеу құралдары сатып алынған. Маңғыстаудың көрікті жерлеріне, табиғат аясына серуен ұйымдастырылады. Орталық ұсынған емді жүйелі және үздіксіз жүргізу үшін ата-аналармен арнайы жұмыс жүргізіледі. Балалар үшін арнайы екі жылқы сатып алынып, нұсқаушының көмегімен балалар ат қораға барып жаттығады, жылқыға мініп серуендейді. Қуаныштысы – жүйелі жүргізген жұмыс нәтижесіз емес, дәлелі – өз қолымен қасық ұстап, тамақ жеуді үйренген және аяғына тұрған балалар! Е.Дедова жетекшілік ететін қор аясындағы сауықтыру орталығының оң істері туралы естіген ата-аналар мен сәбилер республиканың өзге өңірлерінен де келіп, ем, кеңес алатын көрінеді. Қор республикалық, халықаралық деңгейдегі сый-сияпаттардан кенде емес. Мұның бәрі алға – ілгерілеудің, жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырудың, заманауи құрал-жабдықтар алып, оны іске сәтті қоса білудің жемісі.
Жеке ғимаратымыз болса, ірі көлемдегі қаражатқа ғимарат жалдағанша, сол қаржыны науқас балаларды оңалтуға жұмсар едік, сондай-ақ, қыс мезгілінде ашық алаңқайда жылқымен жаттығу өткізу сырқат балалар үшін қиындық тудырады, жабық алаң болса деген екі арманды алға қойған Елена оған жету жолында тынбай жұмыстанып келеді. Жеке ғимаратқа қол жеткізетін күн де алыс емес секілді, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының бірінен ауқымды жер телімі бөлініп, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. «Бұл – ең бастысы. Енді сырқат балаларды алаңдамай емдеуге, әлемдегі озық тәжірибелерді үйренуге және қолдануға сенімді кірісетін боламыз», дейді Е.Дедова.
Еленамен әңгімелесу барысында орталыққа келушілердің көптігін аңғардық. Әр бөлмеден мамандардан ем алған, ешнәрседен хабарсыз нәрестелер мен жанын мұң мен үміт мазалаған аналарды көзіміз шалды. Дәрігерлік мамандықты таңдамай-ақ, сырқат балалар арасына қанатымен су сепкен қарлығаштай болып денсаулықтың үмітін жағып жүрген Еленаның табандылығына сүйсінбеске болмайды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Көмір өндіру және энергетика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 21:42
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04