АЛМАТЫ. 17 маусым. 92-ге қараған жасында Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел қайтыс болды. Экс-президент 13 маусым күні халінің нашарлауына байланысты Анкарадағы ауруханалардың біріне түскен еді. Бұл туралы түріктің "Milliyet" газетінің дерегіне сүйеніп, trend.az хабарлады.
Сүлеймен Демирел 1949 жылы Стамул техникалық университетінің инженерлік-құрылыс факультетін бітірген. Содан соң 6 жыл АҚШ-та еңбек тәжірибесінен өтті. Ол Түркиядағы Әділет партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1980 жылға дейін партия басшылығында орынбасар және төраға қызметтерін атқарды.
1975-80 жылдары арасына үзіліс салып, премьер -министрдің орынбасары, 1980 жылғы азаматтық қақтығыстан кейін болған әскери төңкерістен соң премьер-министрдің қызметін қоса атқарды.
1993 жылы Тұрғыт Өзал қайтыс болған соң, Түркия президентіне сайланды. Ол қызметті 2000 жылға дейін атқарды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: trend.az.
• 17 Маусым, 2015
Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел дүниеден өтті

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше