Мәдениет • Бүгін, 13:00

Архивте өткен жиын

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Архивте өткен жиын

Басқосуға аталмыш ведомество өкілдері, республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, маман тарихшылар қатысып, іс-шара барысында «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі еліміз тарихына қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстар талқыланды.

Конференция аясында Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды.

Атап айтар болсақ, Алаш арысы Жұмабаев Мағжан Бекенұлының 1923-1925 жылдардағы жеке ісі; Әз Жәнібек ханға қатысты 1334 жылы жазылған тарихи қолжазба; Темір ханның 918 жылы Сайбек ханға елші жіберіп, Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы дерек; Қазақ жеріндегі 1784 жылдар шамасында бой көтерген көне қалалар көрінісі; Өткен ғасырдың ортасында Шыңжан-Алтайдан Үндістанға көшкен  қазақтарды  Кашмирге қабылдау құжаттарының көшірмесі  және 1918 жылы кұзде Түркістан автономиясының бұрынғы парламент төрағасы Сералы Лапинның Германияға жолдаған визиткасы қатарлы т.б. құнды жәдігерлер қойылыпты.

Сондай-ақ іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

1

Әз Жәнібек ханға қатысты 1334 жылы жазылған тарихи қолжазба.

2

1918 жылы күзде Германияға жіберген Түркістан автономиясы

Бұрынғы Парламент төрағасы Сералі Лапинның визиткасы