АСТАНА. 17 маусым. Алматы-Шымкент тас жолында болған көлік апатынан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, кеше, яғни, 16 маусым күні сағат 12:10 шамасында Алматы-Шымкент-Ташкент-Термез тас жолының 678-шақырымында Меrsedes sprinter автомобилі мен Ноwo жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 7-8 жасар бала екені белгілі болды.
Сондай-ақ, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында микроавтобустың жүргізушісі мен тағы 3 бала бар. Өкінішке қарай, ауруханада зардап шеккендердің 6-уы қайтыс болды.
Меrsedes sprinter көлігінде жүргізушіні қосқанда 21 адам болған. Оның бесеуі бала және екеуі Өзбекстан азаматы. Бүгінгі таңда апатқа ұшырағандардың аты-жөндері анықталды. Қайтыс болған 14 адамның біреуі бала және біреуі Өзбекстан азаматы.
Қазір бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғасы микроавтобус жүргізушісінің қателігінен болған. Ол алдында тіркемесімен кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігін жанармай құю бекетінің маңында басып озғысы келген. Алайда, бұл әрекетінің соңы қайғылы жағдайға душар етті.
Талғат Райымбек.
Дерек: Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сурет: auto.kz.
• 17 Маусым, 2015
Оңтүстік Қазақстанда көлік апатынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше