Экспозицияда Ұлттық кітапхана қорында сақталған екі мыңнан аса құнды деректер ұсынылды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталық материалдар, компьютерлік дискілер мен күйтабақтар бар. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қорының қолжазбалары мен ноталық басылымдары ерекше назар аудартты.
Көрмеде Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалдық үйінен әкелінген наградалар мен медальдар, Ахмет Жұбановтың қолданған домбырасы, киген киімдері және тарихи фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Құддыс Қожамияровтың сахналық киімі ұсынылды.
Сондай-ақ іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерінің тұсаукесері өтті.