01 Ақпан, 2015

Италияда 73 жастағы Маттарелла президент болып сайланды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

PROCREAZIONE: CONSULTA,  2 ORE UDIENZA SU DIVIETO ETEROLOGA

АСТАНА. 1 ақпан. Кеше Италияда 73 жастағы Серджио Маттарелла президент болып сайланды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Мемлекет басшысы итальян парламентінің елдегі барлық облыстар өкілдерінің қатысуымен өткен отырысы кезінде дауыс беруі жолымен сайланды. Ол бұған төртінші турда бәрінен көп дауыс алу арқылы қол жеткізді. Бұрын елдің Конституциялық сотында судья болып қызмет атқарған Серджио Маттарелла Демократиялық партияның атынан кандидат болып тіркелген еді. Үстіміздегі жылғы 14 қаңтар күні елдің 89 жастағы президенті Джорджо Наполитано денсаулық жағдайына байланысты отставкаға шыққан болатын. Италияның Конституциясы бойынша мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы парламент арқылы сайланады. Ол барлық облыстар өкілдерінің қатысуымен жабық дауыс беру жолымен өткізіледі. Жеңімпаз барлық жиналғандардың үштен екі бөлігінен көбірек дауыс алғанша дауыс беру жүре береді. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Lenta.ru.