Архив • Бүгін, 08:15

Құнды құжаттар көрмесі

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Құнды құжаттар көрмесі

Әз Жәнібек ханға қатысты 1334 жылы жазылған тарихи қолжазба

Басқосуға аталған министр­лік өкілдері, республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, тарихшы мамандар қатысып, іс-шара барысында «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі ел тарихына қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстар талқыланды.

Конференция аясында Қа­зақстан тарихына қатысты бі­регей құжаттар көрмесі ұйым­дас­тырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Түркия, Моңғолия, Беларусь, Армения, архивтерінен әке­лінген құжаттар қойылды.

в

1918 жылы күзде Германияға жіберген Түркістан автономиясы
бұрынғы Парламент төрағасы Сералі Лапиннің визиткасы

Атап айтар болсақ, Алаш арысы Мағжан Жұмабайұлының 1923–1925 жылдардағы жеке ісі; әз Жәнібек ханға қатысты 1334 жылы жазылған тарихи қолжазба; Темір ханның 918 жылы Сайбек ханға елші жіберіп, Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы дерек; Қазақ жеріндегі 1784 жылдар шамасында бой көтерген көне қалалар көрінісі; Өткен ғасырдың ортасында Шыңжан-Алтайдан Үндістанға көшкен қазақтарды Кашмирге қабылдау құжаттарының көшірмесі, 1918 жылы күзде Түркістан авто­номиясының бұрынғы парламент төрағасы Сералы Лапиннің Германияға жолдаған визиткасы қатарлы, т.б. құнды жәдігерлер қойылыпты.

Сондай-ақ шара ая­сында «Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихы жөніндегі материалдары мен құжаттары» атты құжаттар жи­нағының тұсаукесері өтті.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Алматыда жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 09:40