Оқиға • 28 Қараша, 2024

Түркістанда ұрланған мал иелеріне қайтарылды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының аумағында мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу бойынша полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде мал ұрлығының тіркелімі 46,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда  ұрланған мал иелеріне қайтарылды

Фото: ашық дереккөз

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 15 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Мал ұрлығының 50 фактісіне қатысы бар 35 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұрланған малдың 567 басы заңды иелеріне қайтарылды, оның ішінде 78-і жылқы, 107-сі ірі қара мал болса, 380-нен астамы ұсақ мал.

Сондай-ақ полиция ветеринариялық қызметпен бірлесіп ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал аймақтарына блок-бекеттер орнатты.

Жайылымдар мен сауда нүктелері, базарлар, мал сою пункттері, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер тексерілді. Ветеринариялық нормалардың сақталуын растайтын құжаттарға бақылау жүргізілді.

Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 5781 фактісі анықталды. Ветеринария саласындағы заңды бұзғаны үшін 930-дан астам адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты 76 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және облыстағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар халық арасында мал ұрлығының алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және азаматтардың сенім деңгейін арттыру бойынша жұмысты белсенді жалғастыруда, бұл қылмысқа қарсы күрестің маңызды аспектісі болып саналады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15