Фото: zakon.kz
Ол үшін ақпараттық тақталар орнатылып, қырға шығар арнайы сатылар да қойылған.
Айта кетейік, облыста таңбалы тастары бар 100-ге жуық тарихи нысан көптің назарына ұсынылған.
«Келешектегі ізденістер нәтижесінде тарихи орындардың ашылатындығына кәміл сенеміз. Қарасай петролгифтері Қола, Ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер. Суреттер арқылы олар өздерінің ішкі дүниесін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, дүниетанымын жеткізуге тырысты», дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.