Пікір • Бүгін, 09:03

Сарапшылар кеңесі – дипломатияның бір тармағы

34 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің арасында экономикалық қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Екі ел ынтымақтастық шеңберін­де 100-ден аса бірлескен жобаны жүзе­ге асырып жатыр. Гуманитар­лық, ғылым, білім беру және бизнес саласындағы байланыс жыл санап нығая түсуде.

Сарапшылар кеңесі – дипломатияның бір тармағы

Сурет: abai.kz

Қазақстан – Ресей сарапшылары кеңесін өткіздік. Бұл – дипломатияның екінші бір тармағы деп есептеледі. Осы орайда жиында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ресей Ғылым академиясының әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының өкілдерімен әріптестікті бекемдеп, оны жаңа дәрежеге көтеру жағын талқыладық.

Күн тәртібіне сәйкес, сауда-саттық, экономикалық байланыс, логистика мен энергетика, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруіне қарсы тұру сынды мәселелер қаралды.

Екі ел сарапшыларының ортақ диалог алаңын құрғанына 20 жылдан асты. Бай­қап отырсақ, қазіргі таңда мемлекеттер ара­сында 143 бірлескен бастама бар. Міне, осы жобалардың жүйелі жүзеге асырылуы үшін қарым-қатынасқа қатысты кез кел­ген шешім сарапшылардың елегінен, талқы­лауынан өтсе, сапалы болатыны сөзсіз.

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы ел шекарасында орналасқан ауыл-аймақ­тар мен қала тұрғындарының өмір сүруіне әсер ететіні тағы бар. Бұл ретте екі мемлекет­тің байланысы, әсіресе шекаралық аймақ­та тұратын халықтың жағдайына оң әсер ететіндей аргументтерді қарастырып, тал­дауы­мыз қажет. Ең бірінші жайт – экономи­кадағы шикізаттық емес секторды дамыту.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауларында атап өткендей, қазір біз экономикадағы шикізаттық емес секторды дамытуға күш салуымыз қажет. Сондықтан шет мемлекеттерден инвестиция тарту – басты мақсат. Бұл ретте мемлекеттер арасындағы мүмкіндіктерді, кедергілерді саралауда сарапшылардың орны ерек.

 

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА,

Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары