АСТАНА. 17 маусым. Астананың полиция қызметкерлері «Астаналық» базары маңындағы бұзақылыққа қатыстылығын тексеру мақсатында 18 адамды ұстады. Аталған базар халық арасында «Артем» сауда үйі деген атпен белгілі. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше, сағат 20:10 шамасында департаменттің жедел басқару орталығына сауда үйінің қауіпсіздік қызметкерлері қайыршы әйелді ұстағаны туралы хабар келіп түскен. Тәртіп сақшылары 30 жастағы әйелдің ІІ топтағы мүгедек және мектеп жасына дейінгі үш баласымен қайыр сұрау мақсатымен Алматыдан Астанаға арнайы келгенін анықтады. Ол бұған дейін де осындай құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, кеше кешкісін қайыр сұраған азаматша Б. мен сауда үйінің қауіпсіздік қызметкерлері сөзге келіп, соңы жанжалға ұласады. Олардың жанына сол жердегі адамдар жиналып, көбейе түскен. Осы оқиғаға байланысты 18 адам қолға түсті. Олардың арасында мас адамдардың да бар екені белгілі болып отыр. Зардап шеккендер мен мүлікке зақым келу деректері анықталған жоқ.
Бүгінде бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Азаматша Б.-ның арызымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 252-бабы бойынша (жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдалануы) сотқа дейінгі өндіріс басталды. Сондай-ақ, сауда үйі қауіпсіздік қызметкерлерінің арызымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша (бұзақылық) материал тіркелді. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: today.kz.
• 17 Маусым, 2015
Астана базарындағы бұзақылыққа байланысты 18 адам тұтқындалды

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше