Білім • 29 Қараша, 2024

«Жайлы мектептердің» 40 пайызы ауылдарда салынған

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Кезекті 36-шы мектеп Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайлы мектептердің» 40 пайызы ауылдарда салынған

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Айта кетейік, 1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған.

1

«Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді», деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

2

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде бес мектеп тұрғызылған. Жалпы, жыл басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.