30 Сәуір, 2015

Астаналықтар Батырхан Шөкеновті Есілдің жағасында еске алды (фото)

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_5969АСТАНА. 30 сәуір. Белгілі музыкант, эстрадамыздың жарық жұлдызы Батырхан Шөкеновтің кенеттен қайтыс болуы барша қазақстандықтарға ауыр соққы болып тиді. Бүгінде әншінің туған жері Қызылорда өңірінен бастап Астана, Алматы қалалары мен өзге облыс орталықтарында өнер жұлдызының құрметіне еске алу шаралары өтуде. Астаналықтар сүйікті әншілерін еске алу үшін Есіл өзенінің жағалауына жиналуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Марқұмның рухына дұға бағыштап, еске алу үшін жағалауға жас пен кәрі бірдей келуде. Жиналғандар әншінің әндерін орындап, арнайы орынға гүл шоқтарын қоюда. ERA_6001 «Қазақтың біртуар азаматы еді. Өкініштен өзегіміз өртенуде. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген бар. Бірақ Батырхан өлген жоқ. Өйткені, оның артында өшпес асыл мұрасы – өнері қалды. Жоғары бағалайтын әншілерімнің бірі еді. Әндері жүрекке жететін. Осы жағалауда еске алу үшін орын ашылды дегенді естіп, зиярат жасауға, рухына дұғамызды бағыштауға арнайы келдік. Ұлтымыздың атақ-абыройын өсірген ұлымыз ғой. Алла алдынан жарылқасын», – дейді жасы 70-тен асқан Шортан Бекбаев есімді атамыз. Айта кетейік, Батырхан Шөкенов кеше Мәскеудегі өз пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болды. Өнер тарланын соңғы сапарға шығарып салу рәсімі ертең сағат 9:00-де Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: Ерлан Омаров. ERA_5986 ERA_5977 ERA_6032 ERA_6019 ERA_6013 ERA_6041 ERA_5996 ERA_6030