Төтенше жағдай • 30 Қараша, 2024

Түркияның оңтүстігінде тағы жер сілкінді

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның оңтүстігіндегі Анталья қаласында 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияның оңтүстігінде тағы жер сілкінді

Табиғаттың тосын мінез танытуы кеше түнде Анкара уақытымен cағат 22:13-те (Астана уақытымен 00:13) Анталья провинциясында болды.

Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің жағалауға жақын аймағында орналасқан. Оның тереңдігі шамамен 35 шақырымды құрады.

Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісі курорттық аймақтарда, әсіресе жерасты дүмпулері қатты сезілген жағалаудағы аудандарда жергілікті тұрғындар мен қонақүй қонақтарын алаңдатты. Билік азаматтарды сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды бақылап отыруға шақырды.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі ықтимал жер сілкінісі немесе афтершок болған жағдайда жоғары дайындық жұмыстарын жүргізді.