Әдебиет • 01 Желтоқсан, 2024

Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.

- Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.

Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30