Фото: nazarmedia.kz
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе бағытына қосымша пойыздар қосылады. Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары жабдықталған.
№201/202 «Астана-Алматы» пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Алматыдан: 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№203/204 «Астана-Шымкент» пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№205/206 «Ақтөбе-Астана» пойызы:
Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары.
Сондай-ақ 13 желтоқсаннан бастап Қарағанды, Астана, Павлодар, Бурабай бағытында қосымша электр пойыздар жұма, сенбі, жексенбі күндері қатынайды.
Қосымша электр пойыздар «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты», «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» бағытында қатынайды.