Фото: ашық дереккөз
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда мұзтайғақ болады.
Алматыда кей уақытта тұман түсіп, жолдарда мұзтайғақ болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының жолдарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ болады, түнде және таңертең орталығында, таулы аудандарында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады.
Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.