Фото: Үкімет
Дос Сарбасовтың айтуынша, бұл дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақтанған. Олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтаса, бір науқаста ісік 30 пайызға азайған. Енді ел дәрігерлері препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннын күтіп отыр.
«Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтіп жатыр. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек», деді Дос Сарбасов.