Қаржы • Бүгін, 17:55

Доллар бағамы 524 теңгеге жетті

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің бір доллар үшін бекіткен бүгінгі ресми бағамы 511,22 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы 524 теңгеге жетті

Фото: diapazon.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 524,58 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 526,66 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 535,83 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, бүгін экономика министрі теңге бағасының әлсіреуіне сыртқы негізгі үш фактор: доллардың жаһандық нығаюы, мұнай бағасының арзандауы және рубльдің әлсірегені әсер еткенін айтқан болатын.