Бокс • 03 Желтоқсан, 2024

Азия чемпионаты сәтті басталды

44 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенбіде Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Жерлестеріміздің арасынан алғашқы болып шаршы алаңға 67 кг салмақтағы Дулат Бекбауов көтерілді.

Азия чемпионаты сәтті басталды

Әлем және Азия чем­пионатының финалисі тұсаукесер кездесуін тайпейлік Ванг Чиуанға қарсы өткізді. Бәсеке басталған бетте Дулат дамылсыз шабуылдап, қар­сыласын тығырыққа тіреді. Екінші раунда Чиуан әжептәуір тай­таласты. Бірақ Бекбауов шегінбей айқасты. Үшінші кезеңде біз­дің жігіттің басымдығы анық байқалды. Нәтижесінде, барлық тө­реші Дулаттың мықтылығын бірауыздан мойындады.

Келесі күні Оразбек Асылқұлов (57 кг) малайзиялық Зульхайлан Мохамадпен, Бейбарыс Жексен (60 кг) өзбекстандық Ділшод Аб­ду­мурудовпен күш сынасты. Қос қан­дасымыз ересектер арасындағы осындай дүбірлі додаға алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан екеуі де шаршы алаңды ширақ қимылдап, өз бәсекелестерінен ба­сым түсті. Оразбек Малайзия өкі­лін техникалық нокаутпен ұтса, Бей­барыс ұпай санымен жеңіс­ке жетті.

Кеше бұрымдылар өз жарысын бастады. Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, құрлықтың екі дүркін чемпионы Алуа Балқы­бекова (50 кг) Чутхамат Раксатпен (Таиланд), ал Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) Карина Вовкпен (Украина) шеберлік байқасты. Бүгін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (54 кг) Ян Лин Лаймен (Тайпей), Аида Әбікеева (63 кг) Дильфуза Беко­вамен (Өзбекстан), Милана Сафронова (67 кг) Мин Лимен (Тайпей) жұдырықтасады.

Сөз орайы келгенде, бес бірдей боксшымыздың қатысушылар санының аздығынан бірден жүл­дегер атанғанын айта кеткен жөн. Мәселен, жартылай финалда әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов (86 кг) Даниил Жасанмен (Украина), Азия чемпионы Айбек Оралбай (+92 кг) жас­тар арасындағы әлем чемпионы Жахонгир Зокировпен (Өзбекстан) жұдырықтасады. Наталья Бог­данова (70 кг) мен Гүл­сая Ержан да (81 кг) жекпе-жекке шықпай-ақ сол межеге жетті. Ал Елдана Тәліпова (81 кг) бір­ден финалға жолдама алып отыр. Шешуші бәсекеде ол Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) мен Марина Ловчинская (Украи­на) арасындағы кездесудің жеңім­пазымен күш сынасады. Яғни қазірдің өзінде кемінде төрт қола, бір күміс медаль қоржынға түсті.