Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024

Дара тұлғалар тағылымы

81 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласында осындай тақырыппен қазақтың тұңғыш ака­де­мигі, ұлт мақтанышы Қаныш Сәт­баевтың туғанына – 125 жыл, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай республикалық дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.

Дара тұлғалар тағылымы

Суретте: Ә.Марғұлан мектеп-лицейіндегі мемо­риалдық музейдің жетекшісі Сәуле Байдырахманова мен «Ұлытау» ұлт­тық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Әлібек Күзер­баев ғалым Әлкей Марғұ­лан­ның көрмеге қойылған заттарын қы­зық­тап тұр.

Мәдениет және ақпарат минис­тр­­­лігінің «Ұлытау» ұлттық тари­хи-мәдени және табиғи музей-қо­рығының ұйымдастыруымен өткен Қ.Сәтбаев пен Ә.Марғұланның құн­ды мұраларына, олардың Ұлытау өңірінде жасаған ерен еңбектеріне, кәсіби қызметіне баға беру, сондай-ақ қос ғалым туралы сирек кездесетін деректермен бөлісуді мұрат тұтқан, мақсат еткен іс-шараға Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, т.б. қалаларында тұратын тарихшылар, өлкетанушылар және музей қызметкерлері қатысып (офлайн, онлайн), бірнеше баяндама жасады. Олардың арасында тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қыз­меткері Ж.Құрманқұлов, Ә.Мар­ғұлан атындағы мектеп-лицейдегі мемориалдық музейдің жетекшісі С.Байдырахманова, Баянауылдағы Қ.Сәтбаев музейінің директоры Қ.Абыл­ғазин, т.б. болды. Дөңге­лек үстелге Дәнел Әлкейқызы онлайн қатысып, өз ойларын ортаға алды.

Іс-шараға қатысушылар тара­пынан аталған тұлғалардың мемо­риалдық музейлері елімізде онша көп емес екендігіне назар аударылды. Айталық, Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейлері Алматы қаласында, Павлодар және Ұлы­тау облыстарында ғана жұмыс істейтін болса, Әлкей Хақанұлы Марғұланның мемориалдық музейі тек Астана қаласындағы № 40 мектеп-лицейінде ғана бар екен. Бұл, әрине ойландыратын жағдай. Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі мұражайының меңгерушісі З.Қазанбаева ғалымдардың зерттеген салалары бойынша музей ұйымдастыру ісінің мүлдем жолға қойылмағанына қынжылыс білдірді. «Мысалы, неге біздің елімізде киіз үй музейін ұйымдастырмасқа? Бір ға­на киіз үй арқылы этнографияны да, та­рихты да, эстетика, т. б. құнды­лықтар­ды да таныстыруға болар еді», деді ол.

Қазақстанның еңбек сіңірген ән­ші­сі Ғ.Мұхамедин Қаныш Иман­тай­­ұлы Сәтбаевтың А.Затаевичке жаздыр­­ған 23 әнінің төңірегінде де бірқатар іс-шараны жүзеге асыруды ұсынды.

Дөңгелек үстел соңы Ә.Мар­ғұ­лан­ның тұтынған, пайдаланған заттарынан ұйымдастырылған көрмеге ұласты.

 

Жезқазған