Фото: Қала әкімдігі
Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді. 2 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар полигондарына ауыр жүк көлікпен 622 рейс, 7,7 мың текше метрден аса қар шығарылған. 2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні көшелерді қар мен мұздан тазартуға 388 арнайы техника, 181 жол жұмысшысы шыққан.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланатыны мәлім.
Қыс мезгілі басталғалы қаладан 64 мыңға жуық рейс арқылы 810 мың текше метр қар шығарылған.