Оқиға • 03 Желтоқсан, 2024

Сот талап қоюшының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот Атырау облысы тұрғынының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот талап қоюшының жер телімін алу кезегін қалпына келтірді

Фото: Ашық дереккөз

Жоғарғы Соттың мәліметінше, 2005 жылдың желтоқсан айында Атырау қаласының тұрғыны әкімдіктен жер телімін беруге кезекке тұрған. 2011 жылдың қарашасында ол қайтыс болған. 2012 жылдың сәуір айында жесір әйел әкімдікке жер учаскесіне кезекті өз атына қайта рәсімдеу туралы өтінішпен жүгінген. Кейін ол жер комиссиясының қарауына бірқатар тиісті құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы Жер қатынастары бөлімінің (Бөлім) талаптарын толық орындаған.

«2015 жылдың мамыр айында Бөлім жесір әйелге 2005 жылдың желтоқсан айынан бері жер учаскесіне кезекте тұрғаны туралы анықтама берген. Мұны EGOV және EГКН ақпараттары растайды. Алайда, 2023 жылдың маусым айында 43 жастағы жесір әйелге оның кезектен шығарылғаны хабарланған. Кейін ол дауды сотқа дейін реттеу туралы өтініш берген Бөлімнен бас тартуды алған. Атырау облысының МАӘС-ы істі қарай отырып, соттың сенім құқығын қорғау қағидасын (ӘРПК-нің 13-бабының 1-бөлігі) және әділеттілік қағидатын қолдануын атап өтті», делінген хабарламада.

Талап қоюшы 2023 жылға дейін кезекте тұрған, Бөлімнің барлық талаптарын адал орындаған, ал ресми ақпарат көздеріне сәйкес 2005-2023 жылдар аралығында кезекте тұрған. Осыны ескере отырып, сот Бөлімнің кезекті қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп танып, Бөлімге талап қоюшының кезегін қалпына келтіруге міндеттеген.

 Сот шешіміне шағымданбады және заңды күшіне енді. Қазіргі уақытта орындау сатысында.