Фото: Ашық дереккөз
Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.