Аймақтар • Кеше

ШҚО-да мал ұрлағандар ұсталды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері шамамен 2 млн 500 мың теңге көлемінде ірі қара мал ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да мал ұрлағандар ұсталды

Фото: polisia.kz

Тергеу барысында облыстың үш тұрғыны жайылымдағы 6 ірі қараны ұрлап, арнайы дайындалған қораға айдағаны анықталды. 

Жедел уәкілдер қылмыс жасалған түні күдіктілерді Омбы – Майқапшағай тасжолында тасымалдау кезінде қолға түсірді.

«Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасаған азаматтар қамауға алынып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.