Сенат • Бүгін, 13:30

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзетулер талқыланды

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзетулер талқыланды

Фото: А.Байжұманов

Құжат экономикалық өсу қарқыны мен болжамды көрсеткіштердің өзгерісіне орай 2024 жылғы бюджетті түзетуге бағытталған. Құжаттың негізгі міндеттері - өңірлік өсуді қолдау, шұғыл шығындарды қаржыландыру және бюджет көрсеткіштерін ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес келтіру.

Депутаттардың айтуынша, заңға енгізілген негізгі өзгерістер мұнай өндірісінің төмендеуіне, сыртқы сауда көлемінің азаюына және 2023 жылғы ҚҚС қайтарылуына байланысты салық түсімдерінің қысқаруына байланысты болып отыр. Ұлттық қордан өтемақыға бөлінетін нысаналы трансферттер де ұлғаяды. Бұл қаржы өңірлерді қолдау мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсету және өткен жылғы тіркелген міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталады.