Фото: Видеоскрин
«Жерлесіміз Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті. Жастайынан осындай жоғары жетістіктерге жету – табанды еңбектің нәтижесі. Жас спортшыны өзінің әкесі, Sam Team клубының негізін қалаушы Самат Құнаев жаттықтырады», деп жазды Асайын Байханов Instagram-дағы жеке парақшасында.
Өңір әкімінің жазуынша, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулар арқылы денсаулығын қалпына келтірген. Әкенің үлгісі балаларын шабыттандырып, бүгінде олардың барлығы спорт шеберлері атанған.