Көгілдір тоғандар мен Оңтүстік-Шығыс арасында жаңа жабық стадион, бассейні бар әмбебап спорт аренасы, көпфункционалды мұз кешені салынады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындармен кездесуінде Қарағандыны дамыту жоспарларына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің алдымызда салауатты ұрпақ тәрбиелеумен қатар, отандық спортшыларды дайындау бойынша да нақты міндеттер тұр. Көк тоғандар мен Оңтүстік-Шығыс арасында спорт кластерін салуға 72 гектар жер бөлдік. Біз жабық стадион, хоккей, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау және басқа да спорт түрлеріне арналған көпфункционалды мұз кешенін саламыз», деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Сонымен қатар аумақта жеңіл атлетика манежін, бассейні бар әмбебап спорт аренасын, күрес және бокс залдарын саламыз. Барлық нысандар халықаралық стандарттарға сай болады, бұл тиісті сыныптағы жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
Құрылыс келесі жылы басталады. Бұл ауданның дамуына оң әсерін тигізіп, спортшыларды ынталандырады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы келесі жылды Майқұдық пен Оңтүстік-Шығысты дамыту жылы деп жариялады.