Сенат • 05 Желтоқсан, 2024

Ұлттық қордың таза валюталық активтері $58,2 млрд-ты құрайды - Нұрлан Байбазаров

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенатта еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде 2024 жылға арналған республикалық бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің нақтыланған болжамын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қордың таза валюталық активтері  $58,2 млрд-ты құрайды - Нұрлан Байбазаров

Фото: Ерлан Омар

Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, жыл басынан бері 2024 жылға арналған макро көрсеткіштер болжамын қалыптастырудың бастапқы параметрлері ел экономикасының ағымдағы дамуына сәйкес келеді.

«Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнайдың орташа бағасы барреліне 79,9 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. 2024 жылға арналған бастапқы параметрлер бұрынғы деңгейде яғни, мұнай бағасы –  барреліне 80 АҚШ доллары, инфляция 6-8 пайыз деңгейінде сақталды», деді вице-премьер.

Республикалық бюджеттің кірістері 14,1 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 2 трлн теңгеге төмен екені хабарланды. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету және өңірлік өсу деңгейін қолдау үшін 2 трлн теңге көлемінде нысаналы трансфертті қосымша тарту ескерілген.

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2024 жылы $58,2 млрд-ты құрайды деп болжанған.