Бокс • 05 Желтоқсан, 2024

Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева қарсыласын алғашқы раундта нокдаунға жіберді

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде Жазира Орақбайдың жекпе-жегі алғашы раундта-ақ тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz

Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева қарсыласын алғашқы раундта нокдаунға жіберді

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз тайпейлік боксшыны бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберді. Жазираның жаңбырша жаудырған ауыр соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Тайпей өкілі Ю-Тинь Луо үшін Азия чемпионаты осы кезеңде аяқталды.

52 келіде ел намысын қорғайтын Жазира Орақбай жартылай финалда бақ сынайды. 

ии