17 Маусым, 2015

Қостанайда 5 жастағы бала 6 метр биіктіктен құлап кетті

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.06.2015 QOS-3ҚОСТАНАЙ. 17 маусым. Қостанай қаласында жаңа үйдің паркинг құрылысы жүріп жатқан жерде 5 жасар бала 6 метр биіктіктен құлап кетті. Қазір ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екендігін айтып отыр. Оның көк бауыры жыртылған, миы шайқалған және бетінен жарақат алған. Рамазанның анасы Юлия Бабаева кішкентай сәбиін емізу үшін үйге кірерде, 5 жасар баланы көршісіне дайындап кеткен. Ойнап жүрген баланың қалай жер асты паркингінің   құрылысы жаққа кетіп қалғанын көршісі байқай алмаған. Ал жаңа құрылыс қоршалмаған, балалар ауласына жалғасып жатыр. Үйді «Ерлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тапсырған, тұрғындар тұрып жатыр. Паркинг құрылысы аяқталмаған. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz Сурет: ng.kz
Соңғы жаңалықтар