Оқиға • 05 Желтоқсан, 2024

«Өзенмұнайгаз» басқармасының жұмысшылары толық жұмысқа шықты - ҚазМұнайГаз

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ бұрғылау басқармасы жұмысшыларының кәсіподақ ұйымымен кезекті келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өзенмұнайгаз»  басқармасының жұмысшылары толық жұмысқа шықты - ҚазМұнайГаз

Фото: kmg.kz

Келіссөздер нәтижесінде келесі шешімдерге қол жеткізілген:

  • Рұқсатсыз акция тоқтатылды;
  • ӨМГ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары жұмыс орындарына толық оралды;
  • Түсіндіру мен талқылауды талап ететін мәселелер бітімгерлік комиссия отырысында заңға сәйкес құқықтық нормалар шеңберінде қаралатын болады.

«ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары үшінші тұлғалардың араласуынсыз сындарлы диалог негізінде тікелей жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында реттелуі тиіс екенін хабарлаймыз. ҚазМұнайГаз диалогқа әрдайым ашық және туындаған мәселелерді қолданыстағы заңның аясында шешу үшін өзара тиімді байланыс орнатуға дайын», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Өзенмұнайгазға» қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып,  басшылыққа бес түрлі талап қойған еді:

  • ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
  • Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
  • Машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
  • 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.