Сурет: eskeldi-eli.kz
Шаһар басшысы: «Мәслихаттың қоғамдағы рөлі қашан да биік. Бұл – жергілікті өкілді орган ретінде халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қалалық мәслихаттың әр шақырылымдағы депутаттары шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Президент мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, тұрғындардың мұң-мұқтажын бірігіп шешу жөнінде міндет қойды. Осы орайда қалалық мәслихат әкімдікпен бірге барлық мәселені шешіп, нәтижелі еңбек етіп келеді. Жиналған барша көпшілік қауымды еліміз бойынша мәслихаттың құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын», дей келе бірқатар еңбек ардагерінің кеудесіне мерейтойлық төсбелгілер тақты.
Сондай-ақ мерекелік жиында Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып беріп, бірқатар азаматты мерейтойлық төсбелгілермен марапаттады.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов іс-шарада мәслихат тарихына тоқталып өтті. Ол өкілді органның қалыптасу кезеңдерінен сыр шертіп, әрбір шақырылымында көрнекті өкілдер сайланғанын, олар өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру, бизнес, мәдениет салалары бойынша мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында зор үлес қосқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумында сөйлеген сөзінде «Биліктің қос қанаты әкімдіктер мен мәслихаттың негізгі қызметі – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Сол үшін бірлесе отырып, аянбай еңбек етіп, ел сенімін ақтау негізгі міндет» деген еді. Осы орайда Шымкент қалалық мәслихаты барлық мәселе бойынша қала әкімдігімен бірлесе шешім қабылдап, еңбектің нәтижесін көрсетіп келеді. Мәселен, осы жылдың он айында мегаполистің экономикалық өсімі 12%-ды құрап, бұл көрсеткішпен Шымкент республикада көш бастады. Қазіргі таңда 2,7 трлн теңгенің 220 инвестициялық жобасы дайын, соған сәйкес келешекте 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады. Ал жыл басынан бері мегаполиске тартылған инвестиция 536 млрд теңгеге жетті. Қалалық мәслихатта кәсіпкер депутаттар да аз емес. Олар инвестиция тарту, халықты кәсіпкерлікке баулу ісіне белсене атсалысып жүр. Сайлаушылардың сенімін арқалау – аса жауапты міндет. Сол жолда еңбек еткен ардагерлерді, бүгінгі депутаттарды мерейтойларымен құттықтаймын. Олар ел мүддесі үшін әлі талай қызмет атқарарына сенімім мол», деді Б.Нарымбетов.
ШЫМКЕНТ