Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Оңалту орталығының игілігі

57 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеншілер қаласында нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме ашылды. «Қазақстан халқына» оңалту орталығы» қайы­рым­дылық жобасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнал­ған. Мұнда осындай санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған отба­сылар кешенді әрі сапалы оңалтуға қол жеткізе алады. Жоба­мен жылына 600-ге жуық бала ем-дом қабылдайды.

Оңалту орталығының игілігі

Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жаңа орталық облыстық көп­­са­­лалы балалар ауру­хана­сын­да ор­­­на­лас­қан. Орта­лық жергілікті ат­­­қа­рушы орган­дар­дың, «Қазақ­стан халқына» қоры­ның се­рік­тес­­те­рі мен меценаттардың бір­лес­кен күш-жігерінің арқасында ашылып отыр.

Оңалту орталығының салта­нат­­ты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуір­беков, «Қазақ­стан халқына» қоғам­дық қоры­ның донорларымен стра­те­гия­лық жоспарлау және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Шыңғыс Шарапиев, «ERG Көмек» қоғамдық қоры­ның атқарушы директоры Мәди Исмаилов, «Қамқоршылық қоры» қоғам­дық қорының директоры Арай­лым Еркінова қатысып, жаңа меди­циналық мекеменің жұмысына сәттілік тіледі.

Бұл игілікті жобаны іске асыруға қаржылық демеушілік көрсеткен – «Eurasian Resources Group» компаниясы. «Қамқорлық қоры» қо­ғам­дық қоры орталықты заманауи жабдықтармен жабдықтауға, мұндағы мамандардың кәсіби оқуын тереңдетуге көмегін тигізді.

– Бізге осы облыста оңалту орта­лығы­ның ашылуы – аса маңызды. Өйт­кені Қарағанды облысы ком­пания­мыздың туған өңірі саналады. Биыл «ERG» компаниясының 30 жыл­дығы кең көлемде атап өтіліп жатыр. Бұл орталық – еліміздің ден­саулық сақтау саласын дамытуға, инклю­зивті қоғамды қолдау­ға қос­қан үлесіміз. Ерекше қажеттілігі ­бар бала­ларға толыққанды өмір сүруге, әлеу­­меттік бейімделуге мү­м­­кін­дік бере алатынымызды мақ­тан тұтамыз, – деді Қазақ­стан­дағы «Eurasian Resources Group» компа­ния­сының бас директоры Серік Шахажанов.

Былтырдан бері ауруханада «Қам­қорлық» ерте араласу бөлімшесі жұмыс істейді. Онда осы уақытқа дейін даму кемістігі бар жүздеген бала мамандардың көмегіне жүгінді. Мұнда балалар 3 айынан бастап 3 жасқа дейінгі аралықта қа­­был­данса, енді жаңа орталықта 18 жас­­­қа дейін­гі бала­ларға ем-дом көр­се­ті­леді. Бала­ның туғаннан бастап, ересек жас­қа дейінгі денсаулығы, жағ­дайы үз­діксіз қадағалауда болады. Орта­лықта нев­ро­лог-дәрігерлерді, реабилитологтерді, логопедтерді, дефектологтерді, емдік-денешы­нық­тыру нұс­қау­шылары мен пси­хо­лог­терді қоса алғанда, кәсіби көп­­­салалы команда құрылып, өз жұ­мыс­тарына кірісті.

– Бізде барлық қажетті жаб­дық­ бар. Баланың жасына және бойына бай­ланысты түрлі верти­кализаторлар қол­да­нылады. Барлық маман даяр­лық­тан то­лық өтті. Олар аурухананың база­­сын­­да оқып, тәжірибесін жетіл­дірді. Астана, Қос­та­найға да бар­ды. Оңалту жұ­­мы­сының сапасы жоғары болуы мақ­са­тында дәрі­г­ерлердің біліктілігін үнемі арт­тырып отырамыз, – дейді облыс­тық балалар ауруханасы дирек­то­рының орынбасары Нина Деркач.

«Қазақстан халқына» қоры әлем­дік бренд­терден сараптамалық сынып­ты меди­циналық оңалту жаб­дық­тарымен жара­қ­­тан­ды­руға 6 млрд теңгеден аса қар­а­жат бөлді. Оған БОС-терапия каби­нет­­тері, интер­активті, сенсорлық бөл­ме­лер, иммер­сиялық ванна секіл­ді біре­гей тех­но­логиялар жаб­дық­тал­­ды. Бұ­лар­дың бәрі – ерекше қа­жет­­ті­лік­тері бар бала­ларға үлкен көмек.

Игі жобаны қоғамдық қор «QН Оңал­ту орталықтары», «QН Аудан­дық оңал­ту орта­­лықтары» қайырым­ды­лық бағ­дар­­­ла­маларын іске асыру шең­берінде жү­зеге асы­рып отыр. Алдағы уақытта қор бар­­лық өңірде ерек­ше қажет­­ті­лік­­тері бар балаларға арналған дәл осын­дай 25 оңал­ту орта­лығын ашпақ. Жа­қын­да Ұлы­тау облы­сында ашыл­ды. Енді таяу күн­­дері осындай меке­менің ашылуы Пав­­­ло­дар облысы мен Шым­кент қала­сын­­да жос­парланып отыр, дейді қор бас­­шы­­лығы.

 

Қарағанды облысы