Министрлік басшысы әзірлеген жаңа бұйрық жобасына сәйкес, әскери оқу орындарына түсу, ауысу және қалпына келтіру процестері толығымен цифрлық форматқа көшіріледі.
«Өзгерістер нәтижесінде, азаматтар e-Gov порталы арқылы өтінім бере отырып, мемлекеттік қызметті жылдамырақ ала алады. Бұл пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, қағазбастылықты жояды», делінген хабарламада.
Жаңа нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 2018 жылғы 31 қазандағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әзірленген.